вторник, 1 июля 2014 г.

ЖАРАСЫМНАН ЖАРАЛҒАН ЖАН ЕДІ

Рудныйдың кұрылысшысымын. Қара күзде 1957 жылдың "Әдебиет және искусство" журналы мен "Қазак әдебиеті", "Лениншіл жас" газеттеріне жазылдым. Ол кезде газет-журнал қатаң графикпен шығарылып, кешікпей жеткізілетін секілді еді, жаңа жылдың алғашқы айының ортасында-ақ журнал қолыма тиді. Әдетім - қолыма тиген кез-келген басылымды түгін қалдырмай түгел оқып шығу. Журналды да солай түгендеп шықтым. Жарты ғасырдан астам уақыт өткенде есімде қалғаны - белгілі жазушы Тәкен Әлімқүловтың "Пейіл" атты әңгімесі, бұрын өзім оқыған баспасөз бетінен көріне коймаған сол кездегі жас ақындар Оразақын Асқар мен ФаризаОңғарсынованың бірді- екілі өлеңдері. Әсіресе Сайын Мұратбековтің "Менің қарындасымы". Бұрын өзім қалдырмай оқыған қазақ әңгімелерінен мүлдем бөлек бі- тіммен, нәзік әрі шынайы лирикасымен. Неге екенін қайдам, бұрын да оқып жүретін журналда жас таланттардың алғашқы шығармаларын жариялағанда автор оқырманға едәуір таныстырылатын еді. Тоқаш Бердияровтың қысқаша ғұмырбаянымен осы журналдың елуінші жылдардың басындағы бір саны арқылы танысқаным бар. Мына нөмірде авторлар олай таныстырылмапты. Соған орай, "ойпырмай, мына жазушыны неғып бұрын оқымағам, керемет екен ғой" деген өкініш билеген көңілімді "Менің қарындасымды" оқып шыкқан соң.

Мәңгілік нұр

Сайын МҮРАТБЕКОВ шығармаларымен жалпақ жұрт жақсы таныс. Оның әңгіме-хикаялары көп тілдерге аударылып, жат елдердің де ілтипатына бөленген. Әңгіме жанрының қас шебері Сайын Мұратбеков 70 жасқа толды.
«Парасат» журналы мыңдаған оқырмандарының атынан жазушыны мерейтойымен құттық - тайды. Мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілейді.