четверг, 1 октября 2015 г.

                                   БІЗ ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНДІ НЕГЕ ЖЕК КӨРДІК


Бекежан ТІЛЕГЕНОВ

Ілияс  Есенберлин, сөз жоқ, ұлы жазушы, бірақ әдебиеттегі  өз орнын әлі алмаған жазушы. Олай  дейтін  себебім бар. Қазақ әдебиетінің көш басшылары Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллйн, Жүсіпбек  Аймауытовтардан кейін алып тұлғалар Әуезов , Мүсірепов, Мұстафиндердің атын атап келіп, бұлардан соң осы лек таусылып қалғандай, әрі – қарай жалғастыра алмай қиналып, тізімді шорт үзетін кезіміз болады. Әдебиетте олай болуы мүмкін емес. Сол тізімді әрі қарай жалғастыратын бір тұлға бар, ол -Ілияс Есенберлин. Сол заңды орнын осы күнғе дейін қимайтьш сияқтымыз. Неге? Неге Есенберлинге осынша іштартарлық білдіреміз? Неге оны алыптар тобынан шеттете береміз? Неге оны сол тізбекке қосқымыз келмейді.

Ілияс Есенберлинді бүкіл халық, ел біледі, жақсы көреді, сүйіп оқиды. Бірақ тегіс жақсы көруші еді деп те айта алмаймыз. Оған деген қатысымыз, көзқарасымыз әр кезде әртүрлі болды. Біреулер оны қолдан жасалған арзан тақырыппен жұртқа жаға білген қарабайыр, ортанқол жазушы деп сынаса, енді біреулер оның бойында үлкен талант барын мойындауға мәжбүр болды. Шын бағасын берген қалың ел қазақ қауымы еді.
Артындағы ұрпаққа үлкен мұра қалдырған үлкен жазушыны іле-шала бағалау, оны ұғынып, мойындау да оңайға түспейді. Осыған дейінғі қалыптасқан жеке бастық қарым-қатынастан арылу да оңайға соқпайды. Оның өмірі, творчествосы жөнінде де ұрпақ алдында көптеген қиын сүрақтар тұрады. Оған жауап беру де оңай емес. Кезінде оның шығармаларына сүйсінген де, күйініп ашынған да жандар оны ұнатқан да, ұнатпағандар да болды. Ал осы екі сезімнің ара жігін ажыратып, шын мәнін ашып, шын бағасын беру үшін де талай уақыт керек сияқты. Бірақ ол сәтті күтіп жүруге уақыт қайда. Қолымызға қалам алуға себеп болған осы еді.
Әрине, өмір қашанда күрделі, соқтықпалы-соқпалы қиын құбылыс. Заман қашанда жазушыға ықиалын тигізбей қоймайды. Ілияс та осы соқтықпалы-соқпалы заманның шырғалаңынан өтті. Туындыларының ішінде нағыз көркем, кесек шығармалары да бар, бір күндік әлсіз дүниелері де кездеседі. Қоғамдық, тұрмыстық өмірде соққы да көрді. Жапа да шекті, шарықтап мерейі үстем болған шақтары да бар. Сыйға, сыйлыққаа да ие болды. Қарғыс та алды, сөгіс де естіді, жамандап табалаған сөзге де қалды. Бәрін басынан кешті. Бірак елі үшін, халық үшін дана, ақылгөй, кіршіксіз таза жан еді. Себебі, халық оның шығармалары арқылы өмірдің жарқын, жарық жағын да, күнгей жағын де көріп, қазақ елінің өткенін де, бүгінін де шолып, өз тарихымен, өз омірімен қайта танысты. Халык оны сол үшін жақсы көрді.
Ілияс Есенберлин киын кезенде, киын уакытта емір сүрді. Оның омірін уакыт биледі. Оньщ кпын тағдырына да уақыт терең ізін калдырды. Уакыт құрсауы қатты кысымға алды. Социалистік реалпзм талабынан ол да ауыткып шыға алмады. Сөз жок. қазақ әдебиетіндегі соңғы жылдардағы емір жолы киын, күрделі, драмаға толы, кайғылы түлға Есенбер- лин болды.
Ілекеңнің алдында, оның киын өмірінін жарқын, бейнесінің алдында біздің коғамның да, құрылыстын да, идеологияның да, баршамыздың да айыбымыз бен кінәміз, қиянатымыз жеткілікті. Алдымен үлкен жазушының жанын түсіне алмаған, көңілін тебіренткен ойы мен арманын білгіміз келмеген біздер - қаламдас замандастары кінәліміз. Біз оны көзі тірісін- де ұнатпадық, көзі жұмылған соң да өкініп, опық жеп, жарқын бейнесінің алдында кешірім сұрамадық. Кей- біріміз сол жаратпаған, жамандаған күйімізде қала бердік. Біз жаратпағанмен, ол халқына ұзақ жырдай, аңыздай асыл мұра қалдырды. Оқыушылардың көбі оны Әуезов, Мұқанов, Мүсіреповтермен қатарлас деп санап жүрді. Ілекең олардан әлдекайда кіші болатын. Оқушылармен бір кездесуде Есенберлин туралы әңгімелегенімде, бір оқушының «Есенберлин әлі тірі ме еді?» деп таңданғаны әлі есімде. Ол кезде көзі тірі еді. Сол кезде-ақ ол халық үшін аңызға айналған алып тұлға, кеш басын бастап ерте кеткен классиктердің қатарында жүрген еді.
Есенберлиннің аты қалың жұртшылыққа аз жылда белгілі болды. Жамандап сынаса да, ұрысса да, мақтаса да, әйтеуір, газет-журналдар әлсін-әлсін жазып жатты. Ілекең оған қарамайтын, ізін суытпай жыл сайын кітаптарын шығарып жататын. Есенберлинді бүкіл ел, жұрт жазушы ретінде ғана білгенін айта кеткім келеді. Ал оның өмірін, оның ерлігін, күрескерлігін, көзсіз батырлығын, оның қатаң құрылыспен, идеологиямен күресін, өмірлік драмасын біле бермейтін. Ол туралы сөз козғауға баспасөз осы уақытқа дейін беттемей келеді.
Мүны айту да оңай емес, қиынның қиыны. Есенберлин мінезі күрделі, кедір-бұдыры көп, қайшылықка толы тұлға. Ал ондай мінез адамның ерекшелігін, мінез-құлқының, іс-әрекетінің, жан-жақты бай екенін көрсетеді. Оны ашып, аршып беру де оңайға соқпайды. Қалай жазсаң да, талай кырлары ашылмай қалуы мүмкін. Сондыктан бәрін дәл тауып, дәл айтамын деп әрекеттенбеймін. Ол менін қолымнан келмейді. Ол туралы, онын бойына шақ ой айту,  бейнесін ашып беру кімге болса да  онай тимейтін түрі бар.
Ол менің өмірімде ерекше орыл алады.Ілекен қатарлы аға жазушылар болдым-тоддым  дем тоқмейілсіп, өздерін өзгелерден биік санап, өз ауылынан басқа бөтенжді көзке ілмей, басқа жұрт та бар шығар- ау дегенді білмей жүрген шақта, біздерге қол ұгын берген осы Ілекң еді. Бірақ бірден жақын жолдас , тату болдық деп те айта алмаймын. Ол кісінің бойында ұлылығымен бірге қырсық, қынырлығы болатын. Үлкен мекемеден өзін қарсы басталған шабауыл қысымға сол мекемеде кызмет істейтін менің де қатысым  бар деп есептейтін. Соңынан шырақ алын  түскен  бәсекелестерімен мені бір сапта деп, маған біразга дейін қырнн қарап жүрді. Сырттай ұқнатпады. Тіпті дауласып, жауласып та жүрдік.  Оны талай баяндамаларға жамандау үшін мысал да қылып бердік. Талай акпарларға жамандап та жаздық. Кітаптарын дер кезінзе шығартпауға күш салдық. Бірақ бізді уақыт жақындатып, уақыт  табыстырды. Кейін қиянаттардын кімнен болғанын өзі де түсінді. Тарихи романдарын бірде-бір басылым, бірде-бір журнал баспады, бірде-бір газет үзінді бермеді. Тек кейін баспаға директор, Одакка басшы болғаннан кейін ғана зордың күшімен шығып жүрді.
Бірак Ілекен тез кешірмейтін, жауласса, өмір бойы жауласып өтетін кайсар, ерегіспе адам еді. Кейін арамыздың қалай өзгергенін білмеймін. Мұмкін, өзі қатарлы жазушылармен қатал болғанмен, інілері- не кешірімді болды ма екен, жақындасуға қадам басқан өзі еді. Арамыз 20 жас болса да қатарласындай қасына тартты. Өзімнен 20 жыл үлкен адам жолдастан гөрі аға болары даусыз. Бірақ біз дос болдық, қатар құрдастардай бірге жүрдік. Ең алғаш Мәскеуден романдарымды орысша шығартқан да Ілекең еді. Алғаш рет жылы пікір білдірген де Ілекең болды.
Қазақ әдебиетінде көркем сөз таланттары санаулы десек, соның бірі Есенберлин. Бірақ оның әдебиеттегі жолы оңай болған жоқ. Қиын-қыстау, куғын-сүргіні мол қиын жол болды.
Есенберлин тағдыры қиын тағдыр. Оны осы әдебиеттен аластатып, белгісіз етіп, атын өшіру үшін де талай әрекеттер жасалды. Оның жалғыз калған кездері де болды. Оның шығармаларын мойындамай, жалған жазушы деп айыптап, кітаптарын халыкка жеткізбеуге қаншама әрекет жасалды. Бұл жазушының трагедиясы еді. Бұл трагедияны колдан өзіміз жасадық. Сондайда ол өзі катарлы ортасынан, әріптестерінен жапа шегіп, жалғыз калды. Сондықтан болар, ол езінен кейінгі жастарға, баласымен құрпалас жас жігіттерге бейіл беріп, өз қатарластарынан болмаған ықылас пен мейірімді солардан күтті.
Бұл да заңдылық еді. Ол әділ бағаны, жылы сөзді қатарындағылардан емес, кейінгілерден тапты. Өз қатары үшін ол тым батыл, артықшылығы басым, өз дегенінен басқаға көнбейтін қырсық жан көрінетін. Кітаптарын бірінен соң бірін тоғытып жатты. Ал қатары мұны кешпеді. Ашық кемітуге, кемсітуге көшті. Өйткені, Есенберлнн таланты, олардың атағына, жалған данышпандығына нұқсан келтірді. Бұл опасыздық қана емес, қорқақтық, күншілдік те еді. Есенберлин мен өзі қатарлас ұрпақ арасында осындай ор, алшақтық орнады. Бұл идеялық алшақтық емес, эгоистік, күншілдік, көре алмаушылық ор еді. Талантты мойындамау, жаңалыққа, тың дүниеге сенімсіздік  блтдіру еді. Сондықтан қатары оны өле-елгенше  мойындамады, әлі  де мойындамай келеді. Әлі күнге дейін оны өзіміз қатарлы деп санамайды, әлі күнге дейін шетке тебумен келеді. Есенберлин дүниеден қайтқалы канша уақыт өтті, осы уақытқа дейін қазақ  әдебиетіндегі лайықты орнын алуы керек еді. Бірақ өз кешірмеген қатарластары оның қазақ әдебиетінің биігіндегі  орньш оған әлі қимай келеді.
Қазіргі  тарихты жазып жүрғен жазушылар, әлі де жазам деп жүргендер тегіс Есенберлиннің шәкірттері.  Мейлі молйындасын, мойындамасын, мейлі, ұнатсын,  ұнатпасын , ол Есенберлиннің шәкірті, соның жолын қуып, соған  еліктеуші ғана.
      Не үшін? Не  жазығы бар еді? Бұл арадан әлеуметтік ,идеялық, таптық қайшылық, себеп таба алмаймыз. Бұл арада тек ұсақтық жүрді. Көре алмау, қызғаныш. «Көшпенділер» трилогиясының халыққа кең тарап, жұртшылыққа ұнауы еді. Мұндай жағдай қазақ әдебиетінде жиі-жиі болып тұрады. «Абайды» жазғаны үшін Әуезовті де кезінде жек көргенбіз. Кеше ғана шәкірті боп жүрген жазушылардың бұл романды феодалдық, байшыл роман, ал Әуезов байшыл жазушы деп шімірікпей жала жапқандарын да білеміз. Бұл да күншілдік, көре алмау, талантты кешірмеу.
Бәрі осыдан басталды. Сол ескі әдет тағы да белең берді. Сол әдетке қайта оралдық. Есенберлин әдебиетте ерлік жасады, жаңа бағыт, жаңа мектеп ашты. Халықтың арғы тарихына жол ашты. 60- шы жылдары деңгейі төмендеп, қызуы жоқ жасық дүниелер етек алып, жұрт әдебиетті оқудан жалыққан шақта, оқушы қауымды қайтадан дүр сілкіндіріп, кітапқа үңілдіріп, қазақ әдебиетіне қуат қосқаны үшін қатарына жақпады. Жалған атақтарға қауіп-қатер төнді. Өз қатарын ашындырып, қарсы қойған осы жай еді. Есенберлинге деген өшпенділіктің туу себебі де осы болатын.
Бұл Есенберлиннің драмасы, трагедиясы еді. Бірақ өкінішті жай - қазақ интелегенңиясы жазушының драмасын түсінбеді, түсінгісі келмеді, дер кезінде қол үшын созбады, көмекке келмеді. Оған аяусыз, қатыгез болды.
Есенберлинсіз бүғін тарихи әдебиет туралы сөз қозғай алмаймыз. Одан кейін де, болашақта да тарихты жазатын жазушылар туады. Бірақ Есенберлин тарихи әдебиет көшін бастаушы да, қалғандары сол кешке ілесуші ғана.
Әрине, Есенберлин жалғыз өзі қазақ әдебиеті бола алмайды. Ешбір жазушы жалғыз өзі әдебиет жасай

1лияс Есенберлнн каламластармен. (1-ші катар. он жақтан 1-ші). 1980 ж.


алмайды. Бірақ қазақ әдебиеті Есенберлинсіз әдебиет бола алмайды. Есенберлинді біреу ұнатар, тіпті біреулер өлердей жек көрер, бірақ ақиқаты осы.
Бүкіл әлеуметтік билік, идеология, республріканы басқарған басшы атаулы бүгінте дейін ұлттық нигилизмге қызмет етті, ұлттық белгімен кұресті дамытып, шыңдай түсті. ¥лттық нигилизмнің етек алуына, сөйтін, қазақтың ұлттық сезімін ығыстыруға үлес қосты, еңбек етті. Олар ұлттық топырақтан алшақтаған, селекциядан өткен, өзінің қазақ атынан жеріген адамдар еді. Билікте қалу үшін қазақ белгілерін, қазақтық сезімді құрбан етті.
Мұның салқыны әдебиетке, өнерге кесірін тигізбей қоймады. Қазіргі тақырыпты басты тақырып, басты бағыт етуіміз керек деген желеумен, бүкіл тарихты теріске шығарып, өткенге көз салу, ол туралы ой айту идеологиямызға қастандық деп есептеді. Бүкіл әдебиет пен өнер саласындагы саясат осыған құрылды. Қаламгерлер тек коммунизм құрлысшылары -   совет адамдарының еңбектегі ерлігін ғана мадақтап, суреттеуге жұмылдырылды. Осыдан келіп, әлеуметтік заказ деген туды. Өндіріс орындарын қамқорлыққа алу деген міндет туды. Мұны ресми орындар қатты қадағалауға алды. Осы әлеуметтік заказға барғандар ғана алдыңғы қатарға шықты. Барлық награда, сый- құрмет тек соларға ғана тиетін болды.
Осыдан келіп коньюнктурщиктер туды. Баспа жоспарын солар жаулап алды. Онымен қоймай, таңдамалыларын қайта-қайта бастыратын да осылар болды. Бірақ бұлардың саны коп болса да, шығарған кітаптары тау-тау болып қаланып жатса да, қазақ әдебиетінде елеулі оқиға, классикалық шығарма болған бірде-бір туындыны көре алмадық. Қазақ әдебиетін ешқайсысы байыта алмады. Ақыры, бұл тақырып құлдырап, тозып, мүмкіншілігін тауысып, қадірін кетіріп тынды. Бұл күйзелістің негізгі себебі
-  шеберліктің жоқтығы, жазу мәдениетінің сарқылуы, оқиғаның татымсыздыгы, оқушыны мезі қылған ұсақтығы.
Дәл осы кезде Есенберлин шықты. Тарихи романдарын тудырды. Халық іздеп оқитын болды. Онымен қоймай, тарихи романдарымен бірге жаңағы қадірі кеткен ендірістік тақырыптарға барды. Жұмысшы табы туралы, басқа да қазіргі күнгі тақырыптарды жазды. Бұл арада да көзге түсті. Жаңағы ондірістік тақырыптағы шығармалардан азар да безер болған оқушы енді құны кеткен тақырыпқа қайта үңіліп, қызыға оқыды. Бұл жазушының шеберлігі еді.
Бұл тек оқушыға ғана жақты. Оқушыдан басқа ешкімге ұнамады. Әдетте бірін-бірін мақтауға үйренген, белгілі бір қалыпқа дағдыланған, кімді мақтап, кімді жамандау керектігін әбден түсінген әдебиетші қауым -           жазушы да, сыншы де Есенберлиннің мұндай бүйректен сирақ шығарған еркіндігін, ойда жоқта ілгері шығып, оқушыға жаққанын ұнатпады.
Ілекең коньюнктураға да барды. Өндіріс тақырыбына да жазды. Бұл оның қулығы еді. Бір күні келіп, маған Ілекең мынандай ақыл берді:
- Бекежан, сен өндіріс тақырыбына бір роман жазсаңшы. Не тың туралы, эрозия, астық туралы бірдеме жазып көрсеңші. Онсыз басқа жазғандардың еленбей қалуы мүмкін. Нең кетеді? Ол өзің үшін керек. Осы тақырыптарға жазып едім деп айтып жүру үшін керек, - деп маған ақылын айтты.
Жақсы ақыл. Бірақ Ілекеңнің бұл ақылын жүзеге асыра алмадым. Бұл тақырып мені тартпады. Журналда редактор болып жүргенімде Орталық Комитет пен жоғарғы орындар өндіріс туралы жазыңдар деп мазаны ала берген соң, аты ендіріс еді деп талай жасық дүние беріп, діңкелеген соң әзің жазуға дәтің бармайды екен. Одан әдебиет шығады дегенге өз басым сенбедім. Ілекеңнің бұл тақырыпқа баруы да амалсыздың күні екен. Сол арқылы «Көшпенділер», «Алтын Ордасын», баска дүниелерін қызгыштай қорғағаны еді. Осындай коньюнктураға барғанның өзінде, оның шығармалары жоғары сапалы көркем дүние болды. «Көлеңкеңмен қорғай жүр» деген романын жарияладық. Партияның талабын жақсы игерген жазушы, сөз жоқ, тыңды игеруге келген орысты керемет данышпан, ақылды, қазаққа қалай өмір сүруді үйрететін ақылшы етіп көрсетер еді. Есенберлиннің романында тың игеруге келген басты кейіпкер алаяқ, жалқау, арамза, жеңіл кәсіп іздеп келген бұзақы боп шығады. Ең соңында қазақ қызын бауыздап, өзінің нағыз қанкүйлы екенін көрсетеді. Жазушы тың арқылы халықтар достығын көрсете алмады. ¥лы жазушының табиғаты ондай жасанды жолға, декорацияға бара алмады.
Бірақ Ілекең құрылысты, идеологияны осылай алдап, оның белсенді сақшылары, одан қалды қызғаншақ әріптестері соңынан қалмады, ізіне түсе берді. Кемшіліктерін, кінәларын жіпке тізіп бетіне басатын болды. Оны «ұлтшыл», «кертартпа», «солшыл», «партия бағытынан ауытқи беретін» қауіпті жазушы деп таныды. «Мұхиттан өткен қайық» романында осы аталған идеология сақшылары тегіс осы мінездері, қылықтары арқылы көрінді. Басшыларымыз өздерін айнытпай таныды. Сондықтан бұл кітапты мүлдем шығармауға тырысты, жауып тастады. Жоғарыда жүрген басшылар тегіс Есенберлинге қатты өкпелеп, мүны кек тұтты. Қайткенде бұл кітап жарық көрмеуі керек еді.
Біздің қазақ әдебиетінде басқа әдебиеттердегідей диссидент деген, қоғамға жат, қауіпті элемент деген жазушы болған емес. Шетелге зорлап қуылмаса да, шығармасы үшін абақтыға, жындыханаға қамалмаса да, Есенберлин қазақ әдебиетіндегі жалғыз диссидент болды ма деп ойлаймын. Оның жазғандары жат ойға, пікірге құрылған жат шығарма деп есептелді. Сондықтан біздің құрылыстын бүкіл жазалаушы аппараты, республиканын идеологияға жауап беретін әкімдері, кішігірім чиновниктері тегіс оның соңына түсті. Бүкіл осы аппаратка, идеологияға бақылаушы цензорлык мекемелерге, жалпы өкімет пен үкіметке оппозицияда болған, рухани қарсылық көрсеткен адам Ілияс еді. Онын қаншалық редакторлық, цензорлык қиянаттардың зардабын шеккенін жазсам, ұзак әнгіме болып кетер еді. Ал Орталық комитсттің бөлімдерінің қиянаты өз алдына. Осынша әділетсіздік, қиянаттың қасіретіне басқа жазушы шынай алмас еді. Бұл мекемелердің сыны да, пікірі де,таққан айып кінәсі де бүгін ақылға симайтын демагогия, бос мылжың сөз еді.
Егер Есенберлин үлкен жазушы болмағанда, Жазушылар одағының басшыларының бірі болмағанда,  мүмкін бұл мекемелер оның бүкіл шығармашылығын жоққа шығаратын еді.
Осындай қиын-қыстау кезеңде Ілиясқа қол үшын созган бір адам туралы айта кеткім келеді. Ол сол  кездегі республика басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қрнаев еді. Жаңағы сақшылар бір жағынан осы кісіден де жасканған сияқты. Құдай қолдап, Қонаев пен Есенберлнннің арақатынасы жақсы болды. Қонаев туралы қазір әркім әртүрлі әңгіме айтып жұр. Бірақ дәл Қонаевтай әдебиетке, жазушыларға қамқорлық,  жақсылық  жасаған басшыны өз басым білмеймін.
Әдебиетке камқоршы болған соңғы басшымыз болар  әдебиеттен жағымпаз іздеген жоқ. Қолынан келген көмегін жазушылардан аямайтын. Екі адамға қоағаныш  болды, корлаудан, қудалаудан қорғап халды. Ол адамдар: Ілияс Есенберлин мен Олжас

Сүлейменов еді. Қонаев болмағанда, екеуін дебіздің орта  түтіп жүлып, творчестваларының тамырына балта  сілтейтін еді.
Қоонаев ткк екеуіне ғана емес, талай жазушыға  жақсылық жасады. Бірак Ілияс пен Олжастан айырмашылығы - Қонаев орнынан түскен күні оның артынан кесек  атып, күл шашты. Содан қорлық  көргендей жабылып жамандап, ауыр сөздерге барды.  Бүгінгі  басшыларымыз да осыны ұмытпағаны жөн.  Өмірде  не болмайды, ертең қара да тұр, алда- жалда анау -мынау больш, қысылтаяң күн туса, бүгін төңіреген торлап, алдын орап, көзінше жер-көкке сиғызбай жүрген біраз жазушы алдымен өздері өре тұрып, жарыса  кесек атып, өлердей өші кеткендей, жан –тақтан жамырап, жер-жебіріне жетіп, бар пәлегі соған жауып жамандамаса, менің атымды өзге қойындар.
                 Ечсенберплин қазақ әдебиетінде ең кәп үрыс естіген адам. Қазақ әдебиеті  өзінің ең талантты тұлғаларын ешқашанаяған  емес. Кезінде, көзі тірісінде, Жұмабаевты да, Әуезовті де, басқаларды да өлімші ғып сынағанбыз, аямағанбыз. Қаншасы көзі тірісінде біз ауыз жылы     сөз естімей дүниеден өтті. Мысалы, Мұқағали Мақатаев.  Сонда мақтағандарымыз  кім еді. Жанағылардын ширегіне татымайтын аласа жандар еді.
Міне, Есенберлин де осындай творчестволық дарынды мен бағасы әйкес келмеген жазушының бірі. Ол туралы осы күегде дейін не бір лайықты ғылыми-зерттеу , не әдеби талдау, не кішігірім, не үлкен қомақты мақтау мақала  жазылған емес. ¥лттық жазушымыз, ұлттық мақтанышымыз  болған жазушыға берген бағамыз осы.
Әрине  Есенберлинді кейбіреулердің бүгінге дейін  жек көретін де жайы бар. Ол өмірде де адал, досқа  жайлы болуға тырысқанмен, мінезі де қисық, қыңыр, қатал кісі еді. Оның жайсыз, қатты кететін кездері де болатын. Ол біреудің көңілінен шығып, жағына білуге тырыспайтын. Айтса, бетің бар, жүзің бар демей, қатты айтатын. Талай әдеби жиындарда Ілекеңнің осындай қатты сөздерінен кейін талас-тартыс өршіп, жұрт өшігіп, бір-бірімен жауласып, әдеби өмір кқрт өзгеріп, дау-дамайға қалатын. Ол өзіне деген әділсіздікті, өзіне дүшпан болған адамды қашанда жек көретін, аяусыз күресетін. Осынысы үшін ол көпшілікке жақпады. Осы арада Қадыр Мырзалиевтың «Ілияс Есенберлин» деген өлеңінен мына жолдарды мысал ретінде келтіре кеткім кеп тұр.
Есенберлин Ілияс қызық еді,
Ерейменнің сілемі, үзігі еді,
Артика мұзындай тақырыпты
Алғаш рет ол өзі бұзып еді.
 Болса егер алдыңда үлгің мықты,
Бір күн емес, ойлайсың мың күндікті.
 Тығырықтан шығатын, түйықтан да ол,
Пайдалана білетін мүмкіндікті.
Жаратпайтын жосықсыз қысылғанды.
Жақсы көрді сыйлыққа ұсынғанды.
Түсінде де таласып «достарымен»,
Тағдыр солай, ол әбден ысылған-ды.
Арғымағы болса да арық тіпті,
Аламанда, әйтеуір, жарып шықты.
Тірескеннің біразы шыдамады,
Тізесі де қатты еді жарықтықтың.
Саялайтын кісісін саялайтын.
 Аялайтын адамын аялайтын.
 Ағайын деп жатпайтын,
 Ағайынды
Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, әйтеуір, жерім дейтін.
 Ер үстінде ешкімге берілмейтін.
 Жазуға да, әрине, жалықпайтын,
 Егеске де, шіркін-ай! Ерінбейтін!
Сызат көрсе, біреулер жарық десті,
Сырқат көрсе, біреулер ғарып десті.
 Кемеңгер бір жазушы деген оны
Көрмедім-ау бірде-бір әріптесті.
Есенберлин творчествосының шарықтаған кезі 70-ші жылдарға келді. Бқл тоқырау заманының нағыз түнып тұрған шағы еді. Бұл рухани өмірдің тозып, ұждандық, адамгершілік талаптың азайған кезі болатын. Тоқшылық өмірдің қызығына түскен кейбір жазушылар бір-екі дүние беріп, соны жылда қайта шығарып, жатыпішерлікке салынып, осы ауру асқынып, дерт болып жабысқан шақта, рухани өмірімізді аздырып, творчествоға қауіп төндірген шақта Ілияс Есенберлин жылда бір романнан жазып, әдебиеттің деңғейін көтерді. Жазушының міндеті қандай болу керек екенін көрсетті. Қазір Абылай мен Кенесарының атын ту қылып көтеріп, нағыз демократ, жалынды патриот боп жүрген біраз жазушылар сол кезде Кенесары мен Абылай үшін сыртынан арыз жазып, ұлтшыл деп айып тағып, соңынан шырақ алып  түскен кезі еді. Есенберлин бұған да шыдады, бұған да қарсы тұрды, мұнымен де күресті. Бұл күресте жеңіп шықты. Халқының, қалың оқушының көмегімен жеңді.
Ол құрылысқа да, оның мекемелеріне де, жанағы бәсекелес күншіл әріптестеріне де өнешке тірелген сүйектей, көзге шыққан сүйелдей боп жараспай. көзге күйік боп тұрды.
Бұл мақала Есенберлин туралы естелік емес,ұлы жазушы туралы, оның өміріндегі ен киые  кезеендері ,  оның драмасы туралы ой толғау ғана. Бірақ сонда Ілекеңнің соңғы күндерінен бір елес боп қалған үзіктерді еске сала кеткім келеді.
Ілекеңнің өмірінің сонғы жылдарында , творчестволық жолында елеулі екі окиға болзы. Бірі оның ең құнды, ұлы туындыларының бірі,  әдебиеттегі  теңдесі жоқ ерлігі - «Көшпенділер» трилогиясы кездегі одақтык көлемдегі бағалаудың  ен жоғарғы сатысы - Лениндік сыйлыкка ұсынылды. Осыған  біз қуануымыз керек еді. Бірақ, біз қуанбадық . Қайта оған  деген өшпенділік одан сайын өрши түсті.
Бір күні Ілекең калын былғары папкасың  қолтыктап маған келді. Бұл Кенес Одағынын түкпір-түкпкірінен - Москва мен Ленинградтан, Сібір калаларынан,  басқа туысқан республикалардан «Көшпенділер « трилогисын мақтап, Лениндік сыйлык комітетіне жіберген рецензиялар, қолдау пікірлер, жеке адамдардың шынайы ниеті екен. Қазакстаннан бар-жоғы екі-үш облыстық газетге жарияланған шағын ғана рецензиялар жүр. Бірде-бір республиқалық ресмн баспасөз орындары, қоғамдық орындары, коғамдык үйымдар, мемлекеттік мекемелер, ғылыми орталар колдау жасамаған, бір ауыз жылы сөз айтпаған. Кайта бірнеше ғылыми мекемелер, жеке лауазымды адамдар, жазушылар, ғалымдар - тегіс Ілекеннін романын жарыса жамандап, оған мұндай сыйлык беруге болмайтынын жазыпты. Негізгі тағылған кінэ - саяси айып: ол орыстарға қарсы, бүгінгі достығымызға шек келтіреді. Кітап зиянды, оған сыйлық бермек түгіл, басып шығарудың өзі кешірілмес қателік деп жазылған. Бұл пікірді, бұл айыпты Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің идеология бөлімі де қатты қолдады, оған сыйлық беруге үзілді-кесілді қарсы болды. Ілекең, сөйтіп, сыйлық ала алмады.
Ілекең осыған қатты қайғырды. Уайымға салынды, ез ортасына өкпесін айтты.
- Бүкіл Одақ, туысқан республикалар жан-жақты қолдап, қол үшын беріп жатқанда, өз ішіміздің осындай іштарлық білдіруі жаныма қатты батады, - деп күрсініп, реніш білдірді.
Есенберлиннің қиын-қыстаулы ғұмырында алған соқкыларының ең үлкені осы еді. Бұл соққы оны қалжыратып, шаршатып, жасытып жіберді. Бірақ творчестволык талантын, қаламын мұқата алмады.
Ілекеңнің екінші бір үлкен қуанышы - оның «Алтын орда» трилогиясы еді. Бұл, бір жағынан, оның мерейін тасытып, шабытын жанығанымен, бұл да өзіне үлкен соққы боп тиді. Өмірінің соңғы сәттері, соңғы күндері де осы романнын сергелденіне байланысты болды.

Осы кезде жазушылардын Москвада өткен үлкен бір жиынына - пленумға бірге бардық Керемет шатты жүрді. Кешке «Россия» мейманханасындағы бөлмесіне шақырды. Осы кезде Москвада Орталық Комитетте кызмет істеп жүрген Кәкімбек Салқков қадір тұтатын жазушы ағасына сәлем бере келген екен. Түннің бір уағына дейін отырдық. Талай кызықты әңгімелер айтылды, ән шырқалды, ара-арасында әдебиет туралы дау-талас та болды. Бірақ осы кештен бір жақсы әсер калды. Ол Кәкімбектін Москва түбіндегі киіктер туралы поэмасы еді. Кәкімбек жаңа ғана бітірген екен. Ауылдан алыста жұріп, Москва түбінде жайылған киіктерді көріп, елі, жері, халкы туралы сағынышын осы көріністер арқалы шебер бейнелеген. Өзі де беріліп, жаны тебіреніп, нақышына келтіріп, тамаша оқыды. Біз де бар ынтамызбен үйып тыңдадық. Поэма біткен сон бәріміз үнсіз қалдық. Ілекеңнен бұрын сөз бастауға ешқайсымыз бата алмай отырмыз. Жасы үлкен аға жазушы, жол сонікі. Кәкімбек те қобалжып, толқып отыр. Ілекен біраз үнсіз қалып, әлден соң сөзін бастады. Поэманы талдай келіп, жоғары баға берді. Шын ниетін білдірді. Ақын інісінің осы бір туындысына балаша қуанды. Кәкімбектің де қуанышында шек жоқ. Аға мен іні осылай жарасып, творчестводағы жетістіктеріне бірге қуанысып, бір-біріне осылай тал- пынып, құшақ жайысты.
Ілекен осы жиыннан шалқып, шатты оралғанымен, шаршап-шалдығып ауырып қайтты. Самолеттен түскенде аяғын әзер басады, кішкене автобуспен аэропортка жеткенше бойын тік ұстай алмай иіліп, менің иығыма сүйеніп, енкейіп келді. Үйіне зорға жетті.
Осы кезде «Алтын Орданың» бірінші кітабы басылып болып, енді қалған екі томы дайындалып жатқан болатын. Келе осы қауырт жұмыска кірісіп кетті. Үш томның қатар шыққанын қалап, соны тез көруге асықты.
Осынша қыруар жұмысты бітіріп болып, екі жұмадан кейін іле-шала тағы да Москваға аттанды. Онда да амалсыз барды. Осы кезде астанада халықаралық кітап жәрменкесі өтетін болды. Қазақ баспалары осы жәрмеңкеге біраз кітап апаратын болыпты. Онын ішінде Есенберлиннің бірде-бір кітабы жоқ көрінеді. Тек керек адамдардың, тамыр-таныстардын кітаптары ғана. Ілекең қатты ашуланды. Өз бетімен, өз есебінен Москваға ұшты. Баспалар шетелдерге қандай кітаптарын өткізгенін кім білсін, әйтеуір,  мардымды ештеңе болмаған сиякты. Ілекен екі-үш кітабын өткізіп, шетелдік баспалармен шартқа қол қойып қайтты. Бірақ қатты науқастанып келді.Ол аз болғандай, келсе, жығылған үстіне жұдырық дегендей, басылып жатқан кітаптарды Баспа комитеті тоқтатып тастапты. Тағы да өдан «құбыжықтар» тауып, кітапқа кінә тағылыпты. Енді Есенберлин тағы да осы кітабы үшін айкасқа түсті.
Бірақ қажыған жүрек шыдай алмады, қатты ауырып,  ауруханаға түсті. Инфарктпен ауырған екен. Реанимаци я бөліміне салды. Тырп еткізбей жатқызып қойды. Бірақ кітабы үшін көңілі алаң болған жазушы, қатаң тыйым салынса да, қайта-қайта ұрланып, дәрігердің бөдмесіне жасырынып барып, Комитетке, баспаға тельефон соғып, жалынып-жалбарынып, өз дәлелін айтып , кітаптың шығуына бөгет жасамауларын сұрап, тіпті  болмаған соң ұрысып, жанын қинап, отқа салып , азапқа түсті. Ақыры осының бәріне шыдай алмай келесі күні түн ортасы ауғанда жүрегі жарылып, мерт болды. « Алтын Орда» трилогиясының шыққанын ұлы жазушы көзі тірісінде көре алмай кетті.
Ілекеннің осы соңғы сәттерде көрген қиянатын, қиыншылығын, оның себептерін әрі қарай талдап,баға   беріп  жатқым келмейді. Оқушы оны өзі де түсініп отырған болар. Кімді кінәларсың? Осы кітапты жұмалап,  жолын бөгеп, жазушыны сергелдеңге салған
адамдар әлі де қатарымызда жүр. Қайсысын айтарсың? Тарих мұның бәріне өз бағасын бере жатар.
Ілекеңнің өмірі осынша аянышты болып көрінгенімен, оның рухы кейінгі ұрпаққа риза шығар деп ойлаймын. Ол өзінің оқушысын тапты. Қалың қазақ - оның оқушысы. Рас, даңқ, атаққа басқалардай даңғыл жолмен, оңай тұспен тұспалдап келген жоқ. Егер ол оңай жолмен, орынсыз мақтаумен, қолпаштаумен келсе, жазушы ретінде бұл биікке шыға алмас еді, ұлы жазушы бола алмас еді. Бұл күнде оның атын да, кітабын да ұмытып қалатын едік. Ілекең қиыншылыкка, қуғын-сүргінге ерегесіп, қайраттанып, қайсарлана түсті, творчестволық қуатын шыңдай түсті, артына олмес мұра қалдырды.
Уақыт өтеді, талай нәрсе ұмыт болады. Есенберлин әдебиеттен нағыз орнын алады. Алыптардың соңғы тобы Әуезов, Мүстафиндерден кейінгі орнына келіп, олармен иық тіресіп түрады.

                                                                             //Жалын. -2009. -№ 8. – б.б.-35-41





Комментариев нет:

Отправить комментарий