четверг, 1 октября 2015 г.

ҰЛТТЫҚ ҰЛЫ ҚАЗЫНА

 Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ

 (көшпенділер трилогиясы және оның авторы туралы ойларынан...)

Атақты деген әдебиет сыншылары да «күшті топтан қорғалып, .Есенберлин трилогиясы туралы жұмған  ауыздарын ашпай қалды. Жалғыз Рахманқұл Бердібаев қпнп өзінің әр  мақаласында «Көшпенділерді» қорғап,  қолдап , бұл үлы еңбектің бағасын батыл айтып, оның тарихи мәнін түсіндірумен болды.

       Өзгелер шарап ішіп, шалқып, ән салып, қарта  ойнап, қатын куып, бірін-бірі мадақтап, оз буларына өздері пісіп жүргенде Есенберлин бес жылда бес роман жазып, жариялап жіберді. Әсіресе Лев Толстой тәріізді  алып жазушылар жиырма жыл жазатын  тарихи әпопеяны бұл төрт жылда жарқ еткізді. Лев Толстой   өзінің атақты «Соғыс және бейбітшілік» романында орыс өмірінің 40-50 жылын ғана суреттей алсав,бұл  казақ тарихының 400-500 жылдық тарихын тәптіштейді. . Хандарды мақтайды, байлар мен .батырларды дәріптейді. Кешегі баскесер Кенесарыны халық қамын, ұлт мүддесін ойлайтын кемеңгер етіп көрсетеді. Мұның жазған романдарының саныбарған сайын  көбейіп барады. Енді тағы да үш томнан тұратын «Аттын Орда» деген жаңа роман жазып жүр дейді. Жоқ, бұған жол бермеу керек!
Мінеки, ірі жазушылар осылай күңкілдеді. «Күшті топ» оның атын өшіру үшін күшене қимылдады. Олардың бәріне Есенберлин өздерінің әдебиеттегі орнын тартып алатындай көрінді. Ешкімнің Есенберлиннің ұлылығын мойындағысы келмеді. Хас шебер қызғаныш өртінің қоршауында қалды.
Әрине,Есенберлин тек қызыл көз қызғаншақтардың ғана ортасында өмір сүрген жоқ. Оны мақтаушылар болмағанымен, жоқтаушылар да жеткілікті болатын. Олар: Қапан Сатыбалдин, Сәуірбек Бақбергенов, Амантай Байтанаев, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Саин Мұратбеков, Сәкен Жүнісов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Бекежан Тілегенов, Рахманқұл Бердібаев, Тұрсынбек Кәкішев, Нұрқасым Қазыбеков, Әди Шәріпов, Баламер Сахариев, Тұманбай Молдағалиев, Морис Симашко, Юрий Домбровский, Павел Косенко, Юрий Гердт, Хасен Әбдібаев, осы жолдардың авторы және басқалар.
Бұлардан басқа мен білмейтін өзге достары да болуы мүмкін. Олардың қатарында Тұрсын Жұртбаевты, Сейдахмет Құттықадамовты, Зайролла Дүйсенбековті атауыма болады.

Бұл аталған прозашылардын бірсыпырасы Есенберлин кітаптарының редакторлары болып. оның шығармашылық лабораториясына жақыннан көз салып жүрді. Кейбіреулері қаламгедің жаңа шығармаларын «Жұлдыз», «Простор журналдарының беттерінде жарқ еткізіп. жариялап отырды. Есенберлин олармен сырласты да. сыйласты да.
Ал ақындардан Есенберлинді ерекше жақсы көрген Олжас Сүлейменов болды.
Ол дос-жолдастарының бәріне адал еді. Ешкімді қақпайлаған жоқ. Қолынан келсе, олардын бәріне көмектесуге тырысты. Директор кезінде жақын достарына жақсылық та жасай білді.
Біздің жазушылар арасында карымды каламгерді құрметтеу орнына көре алмаушылық күшті болғаны қандай өкінішті десеңші.
Жазушылардың көпшілігі өздерін өзгеше білгіш  жандармыз деп есептейді. Сол білгіштердің алыстағы емес, қастарындағы хас шеберді «көрмейтіні» таң қалдырады.
Мен Жазушылар одағынан «қиыр жайлап, шет қонып» жүрген жан болатынмын. Өйткені мені Жазушылар одағындағы «күшті топ» сауырлап, сойылдап, алпысыншы жылдардың ортасында «құздан» құлатып, қуып жіберген. Сондықтан Есенберлинмен көп істес, сырлас бола алғамын жоқ. Онымен бірге баспада да, киностудияда да қызмет істемедім. Біздін арамызда сырттай сыйластық, бір-біріміздің жайымызды айтпай түсінушілік қана болды.
Менің сырттай жүріп байқауымша, Ілекең өте қарапайым өмір сүрді. Аты шығып, атағы өскен сайын аласарып, кішірейе берді. Жазушылар одағынын мәжіліс залында әртүрлі жиналыстар өткенде қарт жазушылар қаздай тізіліп сахна төріндегі президиум үстелінің жанына жайғасатын. Олардың айналасына, арт жағына мемлекеттік сыйлық лауреаттары орналасатын. Оларды ешкім сайламайтын, өздері баратын. Мәжіліс перзидиумынан орын алу биік мәртебе болып есептелетін.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы, атақты «Жазушы» баспасының директоры, Жазушылар одағының екінші хатшысы деген биік лауазымы бола тұрса да, Ілекең мәжіліс залы сахнасының төріне қарай ешқашан ұмтылмайтын. Үнемі залдағы адамдар ортасынан табылатын. Онда да фотоаппарат пен камераның объективіне ілінетін алдыңғы қатарда емес, залдың орта тұсындағы немесе арт жағындағы бос орындарға отыра салатын. Бірақ, ол қайда отырса да, екі жақ самайы көлей көрінетін аппақ шашы айдаладан танылатын. Ол жиналыстарда жұп жазбайтын кейбіреулер сияқты емес, көрші таңдамай кез келген картан адамдардың немесе жас жігіттердің ортасына отыра кететін. Жиналыс басталғанша олар- мен сөйлесіп отыратын. Ал жиналыс басталган кезде
ол кеудесін тіктеп, иегін көтере ұстап, дүрдік еріндерін сәл козғап қойып, үнсіз қалатын. Әлгінде ғана кершілерімен күле сөйлесіп отырған Ілекең енді тым-тырыс тас мусінге айналатын. Баяндамашының, шешендердін сөздерін мқкият тындап, катып қалатын. Оны көрген касындағы өзгелер де өздерін жинақы ұстауға тырысатын. Басқа қатарда сыбыр-жыбыр сөз жүріп жатқанда. Есенберлнн жайгасқан қатардағы және онын  алды-артындағы адамдар тып-тыныш отыратын. «Көшпенділер», «Ғашықтар», «Алтын құс» романдарын  ардақтайтын жұрт оған осылай құрмет көрсететін.

Ілекең кейбір партия жиналыстарын басқаруға  сайлағанда президиумнан орын алатын.
Ілекең канша карапайым болғанмен, үстіндегі киіміне кіршік жұқпайтын. Ақ көйлек, қара галстук, кейде қоңыр, кейде көк костюм. Тұмсығы крокодилдың көзіндей жылтыраған қара, кейде қоңыр бәтіңке. Тек кана жәпірегендеу, көнетоздау, шолақ етек қоңыр шляпаны басынан тастамайтын. Оның үстіндегі жарқыраған жаңа киімдердің бәріне осы кенетоз шляпа қарапайымдылық дарытатын тәрізді болып көрінетін. Қалай дегенмен де күндіз кеңсе, түнде жазу жұмысынан бас алмайтын Ілекеңнің үстіне қылшық жұқтырмайтын ол үйдегі жеңгеміздің ерекше қолы сезіліп тұратын еді.
Қарсыластарына қанша қатал болса, ол өзінің жолдастарына, жақтастарына соншама мейірбан болатын. Олардың бірде-бірін елеусіз, ескерусіз калдырмайтын. Кейбіреулеріне қызмет те тауып беретін.
Мәселен, Амантай Байтанаевпен ол ажырамас дос болды. Алғашында онымен түс кезінде ресторанға бірге бас сұғып та жүрді. Кейін өзі баспа директоры болғанда оны бастауыш партия ұйымының хатшысы ұсынып, баспадағы өзінен кейін екінші адам етіп
Ұстады.  Сәуірбек Бақбергеновті де назарынан тыс қалдырмады.
Әрине,  баспа директорының қол астында қызмет  те, қонынан келер жақсылық та көп. Оның жұртка  жасаған  жаксылықтарын тегіс түгендеп шығу  қиын. Жас қаламгерден өзі жақсы көрген жас жазушы Нұрқасым Қазыбековке жасаған ағалық, достық хамкорлығын атап айту қажет. Сондықтан  да Есенберлиннің іні достарының ішінен Нұрқасым  бірінші боп  Ілекең туралы елеулі естелік жазды. Ол естелік  «Жулдыз» журналында жарияланды және  Нұрқасымның  «Ой таразысы» кітабында (1991) ба- сылып шықты.
Ілекең  достары жайында жылы сөздер де айтып жүретін .Бір жолы оның Олжас Сүлейменов туралы  айтқаны есімде:
-  Ұлы ақын тек ақын ғана болып қалмайды. Ол прозашы  да, драмашы да, ғалым да бола алады. Біздің Олжас осындай ақын!
Мұны ол мақтаныш пен сүйіспеншілікпен айтқан еді. Ілекеннің  ол айтқаны да шындыққа шықты деуге болады.  Әзірше оған «ұлы» деген атақ қана берілген жоқ. Бірақ  ол тірінің өз құлағы ести бермейтін, бәлкім, мүлде естімейтін атақ қой.
Менің  бұл жазып отырғаным Есенберлин туралы өз ойларым.
Әрине ол нағыз «көкжалдың» өзі еді. «Көкжал» болғандықтан да бүкіл бір империяны құрсап  тұрған идеологиялық шеңбердің шегіне симай, «Көшпенділер» роман-эпопеясын жазды. «Көкжал» болғандықтан да, «Алтын Орда» эпопеясын аяқтап кетті. Сөйтіп, ол ұлы ерлік, ұлы еңбек жасады.
Есенберлиннің «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» эпопеялары (6 кітап, қазақ халқы тарихының 6 томы) Нобель сыйлығына лайық еді. Бірақ оған оны ешкім ұсынған жоқ. ¥сынылса, ол сыйлықтың Ілекеңнің фамилиясының жанынан «Өлгеннен кейін» деген сөздер жазылып, оған берілуі ықтимал еді.
Мен Латын Америкасының атақты жазушысы Габриэль Гарсиа Маркестің Нобель сыйлығын алған атақты романы «Жұз жылдық жалғыздықты» оқыдым. Тарихи жақсы роман. Бірақ ол «Көшпенділерден» («Алтын Орданы» қоспағанда) артық емес. Маркес романында Колумбия мен Латын Америкасының XIX ғасырдағы және XX ғасырдың басындағы - яғни бір жүз жылдық тарихы суреттелген. 100 жылдық. Ал «Көшпенділерде» қазақ халқының 500 жылдық өмірі бейнеленеді ғой. Оған «Алтын Орданы» қоссақ, екі Нобель сыйлығына лайық.
«Өлгеннен кейін» дегеннен ойға түседі. Есенберлннге өлгеннен кейін де «Халық Қаһарманы» атағын беруге болатын еді. Ілекеңнің сол еңбектерін жазудан асқан ерлік, қаһармандық бар ма еді?! Жоқ қой! Жоқ!
Бірақ оны ешкім елемеді. Ескермеді. ¥сынбады. «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» болып кетті.

                                                                            //Жалын. - № 8.- б.б. -33-35


Комментариев нет:

Отправить комментарий