четверг, 1 октября 2015 г.

Есенберлин тағлымдары

 Әнуар ӘЛІМЖАНОВ

Достасқан адамың туралы, оның үстіне мүдделері мен өмірлік принциптері өмір шындығына, өз халқының тарихына көзқарасыңнан айырмасы жоқ адам туралы кез келген естелік қалайда терең жекелік, субъективтік сипатта болады. Сондықтан қазақтьң аса көрнекті сөз зергері Ілияс Есенберлин туралы осы жолдары жаза бастаған кезде менің Ілияс ағамен соңғы кездесу жайында айтсам ба деген жабысқақ ойдан ешбір арыла алмағаным анық. Бірақ дегенмен де, бата алар емеспін. Өйткені бұл, біріншіден, ауыр естелік болады, екіншіден, ол менің Мәскеуде тұрып, КСРО Жазушылар одағы хатшылығы бюросының тапсыруымен Африка-Азия әдебиетшілерінің Ташкент конференңиясын әзірлеғен сол бір 1983 жылдың күзгі күндер оқиғаларын егжей-тегжейлі айтуға жетелейді... Ал оны айта бастасам, мен өзім үшін қасіретті сағаттар мен күндерде қасымда болып, менің сауығып кетуім үшін таңдаулы маман-дәрігерлерді тартуға жәрдемдескен түрлі республикалар мен түрлі елдерден келген жазушы әріптестерімнің есімдерін атамай кете алмаймын.

Қысқасы, бұл ұзақ әңгіме болар еді. Олай істемеу үшін қысқартып айтайын: Ілияс ағамен соңғы кездесуіміз Мәскеуде, травматология орталығында, менің тірі қалатыныма дәрігерлердің өздері де әлі сене бер- мейтін кезде болған еді.
Аса ауыр автомобиль апатына ұшырағанмын. Кеудемнің сол жақ қабырғалары, сол аяғым сынып, жамбас сүйегім жарылған. Қанның бәрі ішкі жаққа аққан. Мен сөйлей алмайтынмын. Тыныс алуым мойындағы тыныс алу күре тамырына жіңішке ине арқылы дәл соғуға қарап қалған және менің бір-бір жарым сағат қинала дем алуыма мүмкіндік беретін. Сонан соң бәрі қайталанатын... Күндіз-түні төсеғімнің жанында туған-туыстарым ғана емес, Мәскеуде жүрген достарым да күзетіп отыратын.
...Көзімді ашқанда мен тұманды түсімдегі сияқты төсегімнің үстінен иіле қарап тұрған Ілияс ағаны көрдім. Оның иығынан Сағат Әшімбаев қарайды. Олардың артында Кәкімбек Салықов пен Роллан Сейсенбаев тұр. Мен «орынсыз демократиялығым» үшін / Орталық Комитет хатшылығында дәл осылай делінген еді  Жазушылар одағының басшылығынан алынғаннан кейін Орталық Комитеттің бөлімі маған Алматыдан тайып тұру ұсынылған ең ауыр кезде әрқашан жанымда болып, моральдық қолдау көрсеткен, мен үшін ең қымбатты екі адам - Ілияс аға мен Сағаттың Алматыдан ұшып келгені. Кәкімбек Салықовты мен осы кезге дейін ақын ретінде ғана білетінмін, ал сол бір күндерде оның орасан зор адамгершілігін көрдім.
...Ілияс аға сыбырлап менін хал-жағдайымды сұрады. Мен жауап кайтара алмадым. Оның жанары жасаурап тұр еді. Сағат маған үрейлене қарап, дәрігерлер туралы бірденелер айтты. Ілияс ағаның бетіне кайтадан көзім түскенде, ол теріс қарап, қолымен көз жасын сұртіп жатты... Мен онда мұның соңғы кездесуіміз екенін білген жоқ едім. Сол бір күн туралы естеліктін мені оньш адамгершілігі мен мейрімділігі жайында баяндауға жетелеп, оның шығармашылғы, ғажайып енбексүйгіштігі жайында, оның туған халкынын тарихын тұп-тамыры- мен білетін білімі жайында айта бастауыма ешбір мүмкіндік бермейтіні, міне соңдыктан (ал ол кезде қазақ халқы туралы, хандар мен сұлтандардың өмірі жайлы архивтердегі материалдарды іздестірумен айналысу және фактілерді салыстырып, окиғаларға талдау жасай отырып, өкімет орындарынын жан сала өрбітуі себепті қатып қалған кағидаларға қарамастан, өткен қездерге өз көзқарасыңды, өз тұжырымдамаң мен пікір-пайымдауларынды тую оңай болмайтын.) Оның өзінің «Қаһар» деген романының қолжазбасын талқылауға қалай ұсынғаны есімде. Мен ақсақалымыз Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің талқылауды жүргізуіне келісімін алдым. Жазушылар  одағы үйінің фойесі мен бірінші хатшысының кабинеті оқырмандар мен жазушыларға лық толды. Бірақ талқылау кезі келгенде, Ғабит Махмұтұлы қолжазба жөнінде бірнеше қатты сөз айтты да, шығып кетті. Сондықтан пікірсайыс жүргізуден тәжірибем жоқ мен бірінші рет талқылауды бастауға мәжбүр болдым. Бір топ әдебиетшілер романның жариялануына бірден-ақ еш дәлелсіз (олардың қолжазбаны оқымағаны айқын аңғарылды), бірақ өршелене қарсы шықты. Басқалары оларға сол жерде тойтарыс беріп жатты. Пікірсайыс ұрыс-керіспен аяқталуға сәл-ақ қалды... Ал роман жарық көрген кезде баспасөз оған ұйымшылдықпен дүрсе қоя берді. Сөйтіп, Ілияс ағаның әдебиеттегі тағдыры оңай болған жоқ. Ал бүгінгі таңда өздерін жәбір көріп, жапа шеккендер етіп көрсетіп, өз кітаптарына тыйым салынғанын айтып жүргендер Ілияс ағаға тиген моральдық соққынын жүзден бірін де бастан кешірген жоқ...
Біз Ілияс ағамен кешкісінгі ұзақ серуендер кезіндегі әңгімелерімізді уақытгын қарама-қайшылығы жайында, адамнын қаспеттері жайында айтатынбыз, ал ондай серуендер сексенінші жылдардың бас кезінде тұрақты сипат алып  тек қана мені Мәскеуге шақырған немесе Африка-Азия жазушылары қауымдастығьшын істерімен іссапарға жібергенде ғана уақытша үзілетін.

Біз көптен бері, сонау алпысыншы жылдардың бас кезінле «Қазақфильм» студиясында бірге жұрмыс істеген шағымыздан таныс болатынбыз. Сол кез- іде бірінші  рет бас редактор қызметі енгізіліп, осы қызметке тағайындалған мен «Литературная газетадан»  шақырылып алынған едім. Менің «Қазақ әдебиетіне " бас редакторы болып жүрген кезімде де,  біз жиі кездесіп, ақылдасып жүрдік, бірақ жас айырмасына қарамастан, Қазақстан Жазушылар одағында бірге жұмыс істеген кезімізде шындап жақындастық, Лдақтың екінші хатшысы ретінде ол шығармашылық секциялардың қызметіне жетекшілік етіп қана қойған жоқ,  сонымен қатар өз уақытының орасан көп бөлігін республика әдебиетшілері үшін тұрғын үйлер мен Шығармашылық
үйін салуды ұйымдастыру мен соған бақылау  жасауға арнады, жас ақындар
мен прозашыларды жайғастырумен айналысты. Онымен бірге біз Абай мен
Жамбылдың 125 жылдығын, Азия мен Африка елдері жазушыларының
конференңиясын дайындап,ойдағыдай  өткіздік, ал сонымен бірге Әбунәсір
Мұхамет Әл-Фарабидің 1100 жылдығын тарихта бірінші  рет атап өттік.
     Ол өзіәнің отбасын, өз  балаларын әке ретінде сүйетін және олар үшін,
олардың , әсіресе ұлының болашағы үшін ойланып- толғанатын. Бір жолы оның немересін, өзіне айтпай, бір жаққа  әкеткенін күйзеле айтқаны есімде.
    Ол озінің  отатбасын, өз балаларын мәпелейтін, ал өзін аяуды білмейтін. Оның тіршілігінің мәні де күрес,  тынымсыз жұмыс еді. Азамат ретінде,
Өз ұлтының  перзенті ретінде ол өмірлік мақсатынан –өз  халкының тарихи
зердесін қалпына келтіру жалынан  тайған емес. Әбіш Кекілбаевтың тарихи хикаялары мен романдары, ал сексенінші жылдардағы Шерхан Мұртазаевтың пьесалары мен  кітаптары  сиякты, жетпісінші жылдары
Ілияс Есенберлиннің романдары да біздің ұлттық әдебиетіміз  үшін                                                                       тыйым
салынған қабырғаларды қиратты... Мұнай  жағдайларда әрқашан болатын сияқты, дағдылы негіздері қоғаушылардың алғашқы және негізгі соққылары тыңнан жол салушыларға тиіп жатады. Идеологиялық жоғарғы топтардың
ғана емес, әдебиеттін мақсаты туралы өздерінің өресіз-кертартпа
ұғымларының мызғымастығына кәміл сенген шамшыл пиғылдағы әріптестерінің де бірінші болып қаһарына іліккен Ілияс Есенберлин де соднай жағдайда ұшыралы. Бірақ бұл кезге дейін ол өмірдің  орасан  зор еткелектерінен өтіп шыңдалған еді, қайсар  жандлыларға жалган іс қалай жамылатынын білетін, ол  түрме тағлымын да алған, сондықтан оны мойыту, тандап алған жолынан таюға мәжбүр еті мүмкін емес болатын. Ол өз халкының шежіресін жасауға жан -тәнімен берітген еді.
     Оның кітаптары  қазақ хандықтарының бес ғасырға жуық өмірін қамтиды.
Ол ұлттық  әдебиетімізде осынша  көлемді жол салып, тарихтың  шешуші кезеңдерін ой елегінен өткізді және  кітаптарында көркем бейнеледі.
Халық өз тәуелсіздігін  қайтарып алып, оны нығайтуға ұмытылып  жатқан
қазіргі кезде ол салған соқпақпен жазушылардың басқа, неғұрлым жас ұрпағы жүріп келеді. Олар тарихты көркем бейнелеуде өз жолын, өз бо- яуларын іздеуде, мүмкін, олардың біреулері мейлінше жарқын полотнолар жасар, бірақ І.Есенберлин ұлттық мәдениет пен әдебиеттің тарихында күрделі де қатерлі кезде әлі жан баспаған соқпаққа түскен тыңнан жол са- лушы ретінде қала береді.
Қазірдің өзінде-ақ Ілияс Есенберлинсіз қазақ әдебиетін көзге елестету мүмкін емес, ал оның романдарының беттеріне мұқият үңілмейінше, ұлттың сан ғасырлық тарихына талдау жасау мен ой жүгірту мүмкін емес және толымды  болмайды, ал ол романдардан оның жазушы ретіндегі зерттеулерінің, шығармашылық ізденістерінің нысаналылығын, ойлау негізінің өзі гана емес, сонымен қатар оның түпкі нәтижелері, оның өмірлік тұжырымдамалары да жемісті болғанын аңғармау мүмкін емес. Шыңғыстың тікелей ұрпақтары - он бесінші ғасырда қазақ мемлекеттігін құрған Бірінші Әбілқайыр хан мен одан кейінгі қазақ хандары өмірінің мысалында Ілияс Есенберлин «билік пен халық», «әмірші мен тобыр», «жауыздық пен өнер» ұғымдары жөнінде өзінің философиялық нобайларын жасайды. Дешті-Қыпшақтан бастап Абылай хан мен Кенесары Қасымов заманына дейінгі ¥лы даланың сан ғасырлық тарихы оқиғаларына талдау жасай келіп, жазушы өзінің тұжырымдамасын жасап, көп жағынан даулы билік моралін негіздейді. Біз бүгінде, қайтадан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, өзіміздің алдымызға қойып отырған: ұлттық бірлік идеяларын білдіруші болуға кім және қандай іс- әрекеттерімен моральдық құқылы деген сұрақтардың жауабын іздестірдік...
Өз мемлекетін қалай және қайда бастау керек?
Бірінші Әбілқайырдың, Қасым хан мен Хақназардың, даңқты Тәукенің, Абылай хан мен Кенесарының өмірлері мен ерліктерінің тағлымы - бұл тағлымдар қазақтарға не берді, жоңғарларға қарсы, ал одан соң орыс отаршылдарына да қарсы үздіксіз шайқастар қазақтарды неге үйретті? (1798 жылдан 1930 жылға дейін жүзден астам ірі-ірі қарулы көтерілістер мен бүліктер болған, олар аңызға айналған Сырым Датұлының, Исатай мен Махамбеттің көтерілістерінен басталып, Аманкелді Имановтың көтерілісі мен отызыншы жылдардағы мейірімсіз, жоспарланған геноцидке қарсы ашыққандардың бүліктері мен көтерілістеріне дейін жетеді де, қазақ жастары Мәскеудің және оның Қазақстандағы ең соңғы қолжаулығының өктемдігіне ашық қарсы шыққан 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларымен аяқталды).
Дала өңірінде ұлт-азаттық қозғалыс ешқашан тоқталған емес. Бұрынғы көшпенділер өздерін ержүрек жауынгер ретінде көрсете білді. Мұны өткен заман тарихшылары Геродот пен Страбон растайды. Қазақтар өздерін өткен дүниежүзілік соғыста да тамаша жауынгерлер ретінде көрсетті. Бірақ өз қару- жарағы болмаған олар он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырдағы генерал Черняев сияқтылардың жазалау экспедицияларына қарсы тұра алмады...

Иә, біз соғысуды үйрендік, ал тәуелсіз болу үшін оның үстіне құрылыс сала білу - заводтар мен фабрикалар салуды машиналар мен компьютерлер жасауды білу, корейлер мен малайзиялықтар, жапондар мен тайлықтар сияқты жасай білу керек...
Патшалық Ресей мен тоталитарлық режимнің ұлт ретінде, халық ретінде станоктар мен техникадан өте шеберлікпен және жымысқылықпен аулақ ұстағаны рас. Орыстандыру толық қаркынмен жүріп жатса да, бізді техникалық, ғарыш, құрылыс мамандықтарынан шеттетті, дипломатиядан аулақ ұстады, саясатшылар да, мемлекет қызметкерлерін де, әскери мамандар да даярламады. Тіпті қазақ тіліндегі мектептер жабылып тасталды және қазақ тілінде оқытылатын бірде-бір орта және жоғарғы оку орны болмады. Біздің жеріміз де, халқымыз да бір-ақ рольді атқаруға: Ресейдің - әуелі отаршыл Ресейдің, ал содан соң тоталитарлық режимнің шикізаттық шылауы болып қалуға тиіс болды. Бұл жөнінде Тұрар Рысқұлов пен Мұстафа Шоқай өз еңбектерінде көз жеткізетін фактілерге сүйене отырып жазды. Тұрар Рысқұловтың айтуына карағанда, «Қазан төңкерісінің еңбек сіңірген басшыларының» бірі Иван Тоболин 1920 жылы Түркістан Орталық Атқару Комитетінің мәжілісінде қазақтар «марксистердің көзкарасынан экономикалық әлсіз адамдар ретінде бәрібір құрып бітуге тиіс...» деп ашық мәлімдеген. Сөйтіп, бізді тура 1938 жылға дейін қырды. Миллиондаған адамдар қаза тапты. Қасақана жасалған аштықтан, қазақтың барын - киіз үйі мен атын күштеп тартып алудан кырылды – оған қарапайым медициналык көмек көрсетуден де бас тартылды. Бірак бүкіл халықты өлтіру мүмкін емес.  Оның үстіне бақташылар, шопандар, арзан жұмыс  күші керек болды...
1990 жылдын басына қарай Одақ ыдырай бастады, бұрынғы күшпен біріктірілген республикалар  өздерінін тәуелсіздігін жариялап жатты. Міне, сол кезде кенеттен «Казахстанская правданың» беттерінен 1990 жылғы 28 қарашада, жұмысшы козғалысының тағы бір «енбек сінірген» көшбасының аузынан: « біз, міне, сендерге резервация, сонымен іс бітті деп мәселе қойып отырған жқкпыз. Жоқ, біз қазаққа досым дейміз!» - деген сөз шықты.
Міне, сөйтіп, казактарды бақытка бөледі де тастады.  Ақырында, қаһары тыйьлып, мейірім көрсетті. Бұл енді Тоболиннің айтқанъшан басқаша естіледі. Әйтпесе мен аңғалдығымнан американ ізгілігі мен демократиясына  сеніп, екі рет, жетпісінші жылдардын  ортасы мен сексенінші жылдардын ортасында үндістер резервациясында бір аптадан тұрғаным бар. Соңғы ретінде Нью-Мексика штатында, Санта фе қалашағына жақын маңайдағы  тау-тасты, төбелі шөл далада болдым. Бұл азапты өмір , айтар болсам, айдаудағы өмір. Ал бізді әзірше онда резервацияларға қуып тықпағаны жақсы екен...
¥лттың жүйкесіне тию газет беттерінде «еңбек  сіңіргендердің» айтуымен ғана жалғастырылып отырған жоқ...
Тәуелсіздікті қайтарып алған біз кұралақан қалдық:  біздің жер қойнауының байлықтары бұрынғысы сияқты, бірақ енді біздің халық қасіретінен баю жолында түскен жаңа  саясатшыларымыздың ықтиярымен әлі де әкетіліп  жатыр. Бізде ұқсатушы өнеркәсіп жоқ. Өзіміздің  мұнайымыз, газымыз бола отырып, бензин мен газды баскалардан сатып аламыз. Бізде бэрі болса да , ешнәрсе жоқ.
Біз мұнайға ,темір мен көмірге, асыл металдарға, астыққа малынып  отырған қайыршылармыз... Біз  нәбір маллшылармыз... Тоталитарлық режимнің сөзсіз орындауды  татап ететін тұрақты ұраны: «Қазақ жастары , шопан болындар!» еді. Сондықтан да біз қалайша  экономиқалық күшті» болмақ едік?
Біз науқастар ұлтымыз, өйткені барлық әзәзілдік қарулар ядрояық та, химиялық та, бактериологиялық  та қарулар - әуеде де, жерде де, жер астында да, демек, біздің  өзімізге  де сынақтан өткізілді. Қазір Ресейге тиесілі болған қарулардың бәрі сыналды. Біздің жеріміз  де, адамдарымыз да уланган, есеңгіретілген...
Біз  Қазақияға бұрынғысынша шегені де, инені де, тіпті жіпті де сырттан әкелудеміз...
Ендеше , қазақ мемлекеттілігі «бола ма, жоқ  па», Қазақтар еңсесін көтеріп, қадір-қасиетке  бөлініп ,басқалардың, қамқоршылығынан құтылып,  дүниежүзілік өркениеттің дамуына өз үлесін қосып отырған халықтармен бір қатарга тұра ма?», «Қазақияның және барлық Түркістан өлкесі халықтарының сыртқы және ішкі саясатының геосаяси жақтары қандай болуға тиіс?»; Біз Түркістан мемлекеттері конфедерациясы немесе Түркістан халықтары одағы идеясын біржола жауып тастаймыз ба?... деген сұрақтардың бәрі көкейтесті сұрақтар.
Әрине, мұндай идеяларды таратушылардың ешбір қол сұқпай, тек экономикалық одақ қана емес, өзін- өзі қорғау үшін (қазір қайтадан Ресей бағып-күтіп, қолпаштап отырған қазақтардан болса да) әскери одақ болуын көздейді. Бірақ мұндай Одақ, әлбетте, Ресейдің ғана емес, ұлыдержавалық ашу-ызасын туғызады. Өйткені шағын елдердің бөлшектенуі ¥лы державалардың «бөлшектеп алып, билей беруіне» оңай ғой... - міне, Ілияс Есенберлиннің көптеген елдердің тілдеріне аударылған атақты «Көшпенділер» трилоги- ясын оқыған кезде талай рет тікелей де, жанама түрде де пайда болатын немесе онда астарлап қозғалатын осы мәселелердің бәрі біз үшін қазір бұрынғы қай кездегіден гөрі көкейтесті және өмірлік маңызды болып отыр. Бізге тамаша жазушы тағлымынан алатын ғибрат мол.

                                                                     //Жалын. -2009. - № 8. – б.б.30-33

Комментариев нет:

Отправить комментарий