среда, 21 мая 2014 г.

«ЖУСАН ИІСІ»

САЙЫН МҰРАТБЕКОВ.
«ЖУСАН ИІСІ»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа сабақты игеру, соғыс кезіндегі балалар өмірімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушыларды өздігінен білім алуға машықтандырып, сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Отанды сүюге, адамгершілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Пайдаланылған көрнекі құралдар:
Теледидар, слайдтар, электрондық оқулық. Кесте, Күннің көзі суреті, жусан, автордың портреті мен кітаптары.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Валеология, тарих, дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:

I.   Ұйымдастыру кезеңі.
Шәкірттердің қызығушылығын ояту.
- Сүйікті шәкірттерім, бүгін біз үшін ерекше күн. Аудан мектептерінен менің әріптестерім келді. Біздің еңбегімізді көргелі отыр. Сәттілік, тек қана сәттілік тілеймін.
Психологиялық дайындық
Ғаббас Жұмаділов. «Біздің тілек»
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп-мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Тыныш болып жер беті,
Түршікпесін денеміз,
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
II.  Үй тапсырмасын тексеру - Өткен сабақта Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты мәтінін талдаған болатынбыз. Қорытындылап жіберелік.
Сұрақтар:
1.   Кішкентай Әлия сенде қандай сезім тудырды?
2.   Оның бойындағы қандай қасиет саған ұнады?
3.   Оқушы Әлиядан қандай Әлия шықты?
4.Үйде      жазған Әлия туралы мінездемелеріңді оқи қояйық. (Теледидардан Әлия ескерткішін көрсету).
Мұғалім: - Әлия ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ол
-  халқымыздың мақтанышы. Біз үшін мәңгі үлгі.
Мағынаны ашу. Мұғалім: - Балалар, біздің өтіп жатқан тарауымыз қалай аталушы еді? Кімдердің өмірімен таныстық, еске түсірейікші. - «Қазына көтерген бала», «Бала Тұрар», «Қырдың жас түлегі» ше? Осы аталған кейіпкерлердің қай кездегі өмірі суреттелген?
-   Иә, балалар, атақты Абылай хан атамыздан бастап, небір даналар, қайраткерлер, ақын-жазушыларымыздың балалық шақтарымен таныстық. Ендеше, бүгін тағы да жазушы атамыз Сайын Мүратбековтің «Жусан иісі» деген мәтінімен танысамыз.
Оқушыларға автор туралы мағлұмат беру.
Мәтінді оқып талдау. - Мәтін кім туралы екен? Жусан туралы не білеміз? Жусанды көрсетіп, сипаттау. - Иә, балалар, әнде де айтылған емес пе, «Жусан иісі аңқыған ауылымды сағындым», - деп. Мәтін ендеше, ауыл өмірі жайлы айтылған екен. Тарихқа үңілсек, соғыс кезіндегі ауыл өмірі қандай болды?
Теледидардан слайд керсету. Соғыс кезіндегі «Өрнек» ауылы туралы көрініс. «Бір уыс дән» (9- шы Мамырда мектепішілік іс-шарада өзіміз қойған қойылым). - Оқушылар, өзіміз көргендей, соғыс біздің елге көп қиыншылық әкелген екен.
Мұғалім: - Осы кездегі балалар өмірі қандай болды? Теледидардан слайд көрсету. «Катя мен Маша» атты слайдта фашистер жаулап алған орыс деревнясынан кеткен екі қыздың өмірі баяндалады.
Мұғалім: - Ресейдегі балалар өмірін көріп отырсыңдар. Ал, Қазақстандағы балалар өмірі ше? Оқушылар екі елдің балаларының өмірін салыстырып айтады. Кесте толтырады. Соғыс кезіндегі балалар өмірі:
Қазақстанда
Ресейде




Мұғалім: - Бұл мәтін сендерде қандай сезім тудырды? Қандай көңіл-күйде оқыдыңдар? Аянның ерік- жігері қандай?
Жауаптарын тыңдау. - Жоғарыда аталған сұрақтардың жауаптарын осы әңгіменің қай жерінен керуге болады? Мәтіннен оқыту. - Мәтін кімнің атынан баяндалған? - Аянның достарынан айырылып, қоштасар кездегі кеңіл-күйі қандай болды деп ойлайсың? - Осындай сәтті басыңнан кешірдің бе? Оқушыларды тыңдау.
Компьютермен жұмыс: Электрондық оқулықты оқушылар ашады.
Суретпен жұмыс: Тақырып қою, әңгімелеу.
Кестемен жұмыс: Толтыру.

Әңгіме кейіпкері
Олардың іс-әрекеті
Ондай әрекетке бару себебі
Аян
Жылады, қоштасты.
Қара қағаз алды, балалар үйіне кетті.
Автор
Жазды, баяндады.
Өзгелер Аян туралы білсін деді.
Есікбай
Сыбырлады, шығарып салды.
Жаңалық айтты, қимады.
Бапай мен келіні
Шығарып салды, жіберді.
Қартайған, шамалары жоқ.
III. Ой-толғаныс.
Топтық жұмыс:
1-ші топқа: - Аян сонымен қандай бала?
2-ші топқа: «Біз балалар_____ жүрдік» деген
үзіндіні 3-ші жақта оқу.
3-ші топқа: 5 жол өлең жазу. Зат есім. Сын есім. Сын есім. Етістік. Етістік.
4-ші топқа: - Балалардың Аянмен қоштасқан сәтінің суретін қалай бейнелеп салар едің? (ауызша)
Сабақты қорыту: «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабы, 5б-бет, аңыз оқу.
Мұғалім: - Қалай ойлайсыңдар, Аян елге орала ма? (Оқушылар пікірін тыңдау). Аян сияқты балалардың басынан кешіргені енді ешкімнің, ешқашан басына келмесін. Мен сендерге бір тілек арнайын: Күн аспанда күлімдесін, Әке-шешең аман жүрсін. Елімізде тыныштық болып, Ел болашағы - балалар, Аман-есен  өсе берсін.
-  Қандай кезенде де қазақ баласының келбеті қандай болуы керек? Мен сендерді не деп жақсы көруші едім?
Оқушылар: - Күнім деп жақсы көресіз.
-  Мен сендердің келбеттеріңді Күн суретімен бейнеледім. Күннің суреті.
Қайырымдылық


Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін толық оқу.
  


Момунова, Б. Сайын Мұратбеков «Жүсан иісі» / Б. Момунова // Қазақ және әлем әдебиеті. – 2014. - № 1-2. – С. 37.

Комментариев нет:

Отправить комментарий